​Секіргішпен 5 минутта арықтайсыз

0
3 738

Секіргіш жібіңіз болса кез келген жерде жаттығу жасай бересіз.


​Секіргішпен 5 минутта арықтайсыз

Күнделікті орындап жүрген жаттығудан жалықтыңыз ба? Олай болса сізге ұнайтын фитнес түрін ұсынамыз. Жаңа дүниелер жақсы, ал ескіні еске түсіру одан да пайдалы. Балалық шағыңызды, мектепті, дене шынықтыру сабағын еске алыңыз. Барлығымыз секіргішпен (скакалка) секіріп ойнадық емес пе? Ал оны дәл қазір неге қайталамасқа?


Ол үшін бас-аяғы 5 минут уақыт бөлсеңіз болғаны. Секіргіш жібіңіз болса кез келген жерде жаттығу жасай бересіз. Стадионда, саябақтарда, тіпті бөлмеңіз де жаттығу орнына айнала алады. Қалтаңызға да күш түспейді әрі өте қарапайым жаттығу.

Ал нәтижесі сіз күткендей болады. Секіргішпен секіру артық салмақтан оп-оңай арылтады. Аяқ пен жамбас бөлігінің, қолдың бұлшықеттерін қатайтады. Секіру жоғары интенсивті интервалды жаттығулар қатарына жатады, сондықтан оның арықтауға көмегі күшті. Бұдан басқа аргументтің керегі де жоқ шығар. Ендеше тездетіп қолыңызға секіргіш жібіңізді алыңыз да, 5 минут жаттығыңыз!


0:00-1:00 – Алдымен ақырындап қыздырынып алыңыз. Асықпай екі аяқпен бірге секіргішпен 1 минут секіріңіз.


1:00-1:30 – Келесі 30 секундта жылдамдықты аздап арттырыңыз. Екі аяқты кезек-кезек ауыстырып секіріңіз. Бірінші оң аяқты алға, содан соң сол аяқты алға жіберіңіз.


1:30-2:00 – Демалыңыз.


2:00-3:00 – Аздаған демалыстан соң жылдамдықты арттыра түсіңіз. Осы уақытта сіз секіргіш жіппен бір орында тұрып жүгіріп бара жатқандай секіруіңіз керек. Яғни, секіру кезінде бір аяғыңыз еденде, бір аяғыңыз көтерілулі болуы тиіс.


3:00-3:30 – Демалып алыңыз!


3:30-4:30 – Соңғы жаттығу. Секіруді баяу орындап, оңға және солға қарай секіріңіз. 1 минуттан кейін келесі бағытқа қарай ауыстырыңыз.


4:30-5:00 – Тағы да демалыс.

Егер бірінші рет осылай жасауды қиынсынып тұрсаңыз, сізге ауыр болып жатса жаттығу уақытын екі есеге азайтуға болады. 30 секунд демалмасаңыз да өз еркіңіз. Жаттығуды біртіндеп көбейту арқылы жоғары айтқан уақыт бойынша жасауға дағдыланып көріңіз. Сол кезде нәтижесі жақсы болары сөзсіз.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Пневмониямен ауырғанда тыныс алу жаттығуын жасауға бола ма?


АРТЫҚ салмақтан арылғыңыз келсе, ШЕҢБЕР айналдырыңыз