Пневмониямен ауырғанда тыныс алу жаттығуын жасауға бола ма​?

0
5 578

Тыныс алу жаттығуларды тек ауырған кезде ғана емес, күнделікті жағдайда да жасап жүргеннің пайдасы зор.


Пневмониямен ауырғанда тыныс алу жаттығуын жасауға бола ма​?

Коронавирус - жұқпалы дерт. Оны кез келген адам ұмытпауы тиіс. Әрине, коронавируспен ауырған кезде өкпеде, жалпы ағзада әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін. Мұндай уақытта тыныс алу жаттығуларын жасау тиімді.


ЕСКЕРТУ!

Бірақ, жедел кезең аяқталғаннан кейін ғана. Инфекциялық аурулардың жедел кезеңіндегі тыныс алу жаттығуы немесе басқа да физиотерапиялық әдістер тек зиянын тигізеді дейді мамандар.


Сондықтан тыныс алу жаттығуын пациент стационарда негізгі емін алып болып, үйіне жіберілгеннен кейін ғана жасауы қажет. Бұл жаттығулардың өкпе қызметін қайта қалпына келтірудегі маңызы өте зор.

Тыныс алу жаттығулары арқылы дем алу бұлшықеттерін мықты етуге, өкпедегі қақырықтың сыртқа шығуына және оттегімен қамтамасыз етуге болады. Мұндай жаттығуларды тек ауырған кезде ғана емес, күнделікті жағдайда да жасап жүргеннің пайдасы зор. Әсіресе, өкпесінде ақауы бар жандар үшін таптырмас техника. Жаттығу жасап болғаннан кейін ұйқы тыныш болады.


Баяу тыныс алу


Бұл жаттығу өкпенің көлемін ұлғайтады. Ол үшін алдымен мұрынмен тереңірек ауа жұтыңыз. Неғұрлым асықпай, ұзағырақ жұтқаныңыз абзал. Ал, демді ауызбен шығару керек. Мұрынмен жұтқан кезде қандай ұзақтықта жұтсаңыз, шығарған кезде де сол тепе-теңдікті ұстап отыру керек. Тыныс алғанда 1,2,3,4,5 деп ауа жұтып, шығарған кезде 1,2,3,4,5,6,7 деп шығаруға болады. Осы әдіс тек өкпенің жағдайын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге стресстен, артық ойдан арылуға көмектеседі, адамға өзгеше бір жеңілдік сыйлайды.

«Ысқырық» тыныс алу



Мұрынмен тез-тез дем жұтып, деміңізді сәл ұстай тұрыңыз. Сосын ерніңізді ысқырайын деп жатқан сияқты жинаңыз. Деміңізді 4, 6 секунд ішінде асықпай шығарыңыз. Артынша ақырын мұрынмен демалыңыз.

Ішпен тыныс алу


Ішпен дем алу дем жетпей қиналудың алдын алады. Ол үшін демді мұрынмен аласыз. Дем алған кезде ауаны кеудеге емес, баяу түрде ішке жинайсыз. Ауаны асықпай ауызбен немесе мұрынмен шығарамыз. Осындай қарапайым жаттығу денедегі ауырсынуларды басады.

Қолыңызды көтеріңіз!
Еденде тұрып екі қолыңызды жоғары көтеріп мұрынмен тыныс алыңыз. Бірер секундтан соң демді шығарып қолдарыңызды баяу түсіресіз.

Басты бұру арқылы жасалатын жаттығу
Бұл жаттығуды жатып та жасай беруге болады. Мұрынмен дем алып, басыңызды сол жаққа бұрып 1-2 секунд кідіресіз. Сосын басты оңға бұрып демді асықпай шығарасыз. Жаттығу кезінде мұрынмен дем алу маңызды.


Ұйықтауы қиын жандар үшін
Сол жақ қырыңызбен жатып, алдымен оң жақ танауыңызды басып, сол жақ танаумен дем алыңыз. Содан кейін оң жағымен демді шығару керек. 2-3 минут ішінде осы жаттығуды жасауға болады. Асықпай, баяу тыныс алу керек бастысы. Сол кезде ұйқыңыз тыныш болады.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЕМЕКІНІ ТАСТАУҒА мына жаттығу КӨМЕКТЕСЕДІ


Бұл БОСАНҒАН әйелдің ІШІН тез ТАРТАДЫ