АРТЫҚ салмақтан арылғыңыз келсе, ШЕҢБЕР айналдырыңыз

0
5 860

ШЕҢБЕР айналдыру кімге ПАЙДАЛЫ, кімге ЗИЯН?


АРТЫҚ салмақтан арылғыңыз келсе, ШЕҢБЕР айналдырыңыз

Хулахуп кез келген үйден табылатын шығар. Аналарымыз кейде осы бір затты беліне салып айналдырып-айналдырып жібергенде тамсанып қарап тұруші едік қой. Тіпті, оны үйде көрмесек те, экранның ар жағында болып жатқан Олипиада ойындарынан, цирк ареналарынан, тым болмағанда мектептегі дене шынықтыу сабағынан көргеніміз анық. Айтпақшы, хулахуп деген не деп отырсаңыздар айта кетейік, ол - шеңбер. Ел ішінде «обруч» деп аталып кеткен. Өзі тым жеңіл спорттық құрал болса да, оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Кез келген спорт дүкенінен қолжетімді бағаға табыла кетеді.

Көптеген мектептерде металл обручтар әлі күнге дейін бар. Дегенмен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бұған аса мән бере қоймайды. Тіпті, фитнес тренерлері де обручты жай ғана құрал ретінде қарайды. Оған қоса секіргіш жіпті де (скакалка) қарапайым заттар қатарына жатқызып жатады. Ал, цирк әртістері үшін хулахуппен өнер көрсету үлкен еңбекті талап етеді.

Қыздар үшін артық салмақтан арылуға шеңбер өте пайдалы. Ешбір спорт залына бармай-ақ, үйде жүріп әдемі дене сымбатына ие бола алады. Хулахупты дененің кез келген бөлігімен айналдыруға болады. Бүгінде обручтардың неше түрлісі бар. Фитнес-клубта, үйде, көшеде айналысуға болатын сан түрлісін таңдап алуға болады.


Шеңберді түріне қарап таңдаңыз



Шеңберлер диаметрінің көлеміне қарай, кіші және үлкен болып бөлінеді. Оны салмақ бен бөксе өлшеміне қарай таңдау керек. Сондай-ақ, шеңберлердің жасалуына байланысты алюминий, пластмассалық, жиналмалы, ауыр, уқалағыш шеңберлер болып бөлінеді.

Стандартты шеңберлер дюралюминнен немесе аллюминий сынды жеңіл металдардан жасалады. Тіпті, жезден жасалған шеңберлер та болады. Ол артық майдан арылу үшін өте жақсы көмектеседі. Бірақ, оның денеде көгерген іздер қалдыратынын ұмытпау керек. Сол себептен қарапайым жеңіл обручтың ішіне құм толтырып, салмағын ауырлатып та жаттығуға болатынын еске саламыз.

Жиналмалы хулахуптар пластиктен жасалады. Сондықтан оны да өз қалауымызша ішіне құм салып қажетті салмақты қосуымызға болады.

Массажды обручтар жиналмалы бола бермейді. Өйткені, оның басты ерекшелігі ішкі бетінің кедір-бұдыр болуында. Мұндай хулахуптар гимнастикада жиі қолданылады. Әсіресе, ауыр жаттығулардан кейін денені демалдыру үшін массажды хулахуптың көмегі күшті. Оны аяқпен, белмен, жамбаспен, тіпті қолмен айналдыруға болады.

Жұмсақ шеберлер кең болып келеді. Сол үшін де онымен фитнес залдарда көптеген жаттығу түрін жасауға болады. Үйде де бірнеше жаттығу жасауға таптырмас құрал. Оны айналдыру қиынға соғады, бірақ өте қызықты.


Шеңберді қалай айналдыру керек?

Шеңбермен жаттығу жасаған кезде ішіңізді ішке қарай тартыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Аяғыңызды түзу қойып немесе тізені сәл бүгіп қойыңыз. Екі аяқтың арасы 20-25 см болу керек. Арқаңызды тік ұстап, қолыңызды көтеріп шеңберді сағат тілінің бағытымен айналдырыңыз. Қатты айналдырудың қажеті шамалы. Шеңберді асықпай айналдыру керек, оның бөкседен төмен түсіп кетпеуін қадағалаңыз.


Жаттығуға қанша уақыт жұмсау қажет?



Жаттығуды күнделікті 3-5 минут шеңбер айналдырудан бастаған жөн. Содан кейін жаттығу уақытын 25-40 минутқа көбейтуге болады. Ауыр шеңберді күніне 20-25 минут айналдырған жөн. Жаттығуды күніне бірнеше мәрте қайталауға болады. Мойным түзу әрі қатпарсыз болсын десеңіз, күнделікті 5-10 минут шеңберді мойныңызбен айналдырып тұрыңыз.

Қысқа жаттығулар. Жарты сағат жаттығу арқылы кітап оқуды, кино көруді жалғастыра беруге мүмкіндік бар. Шеңбер айналып жатыр, сіз телефонмен құрбыңызбен де сөйлесіп тұра аласыз немесе сабаққа дайындаласыз.


Шеңбердің пайдасы

Бағасы мен қолжетімділігі: жоғарыда атап өткендей хулахуптың түр-түрі бар. Бағасына, түрлеріне қарап қалағаныңызды сатып алуыңызға болады. Тіпті, бірнешеуін қатар алсаңыз да өзіңіз білесіз.

Ешқандай шектеу жоқ. Кеңдеу жер және дыбысы қатты шықпайтын еден болса болғаны, баладан үлкен кісілерге дейін шеңбермен жаттыға алады. Сізге инструкцияның да қажеті жоқ.

Массаж. Массажды хулахуп болмаса да кез келген шеңбер лимфа мен қан айналымын жақсартады. Өзіңізді жеңіл сезінесіз, ісіну болмайды, массажистке бармай-ақ денсаулықты түзейсіз. Бұлшықеттеріңіз де нығаяды.

Хулахуптың пайдасы ұшан-теңіз. Аптасына 5-6 рет 15 минуттан жаттығып отырсаңыз, едәуір жақсы нәтижеге қол жеткізеріңіз анық.


Кез келген заттың кемшілігі болады. Шеңбердің де зияны бар


Денеде көгерулер, жағымсыз әсер қалмас үшін матасы тығыз киім, шалбар киген дұрыс. Екіқабат әйелдерге хулахуп мүлдем болмайды. Бүйрек, бауыр, жатыр бөлігі ауыратындарға шеңбермен жаттығу жасау қауіптірек. Әсіресе, өт жолы, бүйрегінде тас бар адамдарға зияны тиіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, жатырдың қисаюы, миома сынды диагнозы бар әйелдердің сақ болғаны абзал. Мамандар лишай, псориаз сынды тері аурулары бар жандарға да хулахуппен жаттығу жасауға кеңес бермейді.

Кейбір ғалымдар хулахуппен жаттығу әйелдердің жатырын төмен түсіреді деп айтып жүр. Алайда, бұл ғылыми түрде дәлелденген жоқ. Омыртқа тұсындау ақауы бар жандар міндетті түрде дәрігермен кеңескені дұрыс.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЕМЕКІНІ ТАСТАУҒА мына жаттығу КӨМЕКТЕСЕДІ


Бұл БОСАНҒАН әйелдің ІШІН тез ТАРТАДЫ