Сізді қай киім ТОЛЫҚ ЕТІП көрсететінін білесіз бе?

0
6 071

Киім таңдағанда Сіз қай жағына мән бересіз? Киімнің сапасына ма әлде түсіне ме? Бәлкім, арықтау қып көрсететін киімдерді сатып алатын шығарсыз?!


Сізді қай киім ТОЛЫҚ ЕТІП көрсететінін білесіз бе?

Семіруге бейім жандар бұған да аса қатты көңіл бөлулері керек. Әйтпесе сол бір жарасымсыз әрі салмағыңызды арттырып тұратын киімдер сізді барған жерде ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. Сол себепті де сырт бейнеңіздің өте әдемі әрі тартымды, сымбатты болғанын қаласаңыз, киім сатып аларда мынадай тұстарына мән беріңіз.


Желбіршегі бар киімдер

Киімге желбіршектер дененің кейбір жерлерін үлкейтіп көрсету үшін қойылады екен. Сондықтан да болар, көбіне желбіршектер көйлектің немесе кофталардың кеуде және бөксе тұстарында болады. Егер осындай жерлеріңіздің ерекше көрініп тұрғанын қаласаңыз, желбіршегі бар киімдерді киюге ешкім де тыйым сала алмайды. Ал, арықтау болып көрінгіңіз келсе, керісінше желбіршегі бар киімді мүлде сатып алмаңыз.


Трапеция-көйлектер

Трапеция-көйлектер – тым арық қыздардың кейбір тартымсыздау жерлерін жасыруға көмектеседі. Ал, онсыз да семіз қыз-келіншектерді мұндай көйлектер одан сайын «семіртіп жіберері» сөзсіз. Мұндай стильде тігілген көйлектерді көбіне жүкті әйелдер мен аса толық қыз-келіншектер киеді. Өйткені көйлектің бұл түрі арықтықты жасырып қана қоймай, артық майлардың бірден көзге түспеуіне де септігін тигізеді. Дегенмен, шамалы артық салмағыңыз болса, оны екі есеге арттырудан қорықсаңыз, трапеция-көйлектерді кимегеніңіз жөн.


Ірі тоқылған жылы киімдер

Қазіргі уақытта тоқылған көйлектердің түрі өте көп. Әсіресе ірі етіп тоқылған жемпірлер қыздар арасында сұранысқа ие киімдердің бірі. Алайда, ірі етіп тоқылған киімдер сіздің сырт пішініңізді семіз етіп көрсетеді. Сондықтан да киім таңдарда ақылды болуға тырысыңыз.


Белінде резеңкесі бар көйлектер

Көйтектің белінде резеңкесі болса, киюге өте қонымды болады. Қазір өте жалпақ резеңкелерді көйлектер мен кеудешелерге, тіпті, белдемшелерге де қоятын болды. Бірақ та киім сатып аларда әр адам өз фигурасына қарағаны дұрыс. Өйткені резеңке белді жуан етіп көрсететінін ұмытпайық.


Қысқа балақты шалбар

Қысқа балақты тік шалбарлар бойы ұзын әрі арық қыздарға жарасады. Ал, басқа қыз-келіншектердің бойын одан әрі қысқа әрі семіз етіп көрсетуі әбден мүмкін. Сол себепті шалбарды сатып аларда осыған мән берсеңіздер екен. Бойыңыз қысқа, томпақтау болсаңыз, қысқа балақты шалбарды ұмыта тұрғаныңыз абзал!

Аударған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Нәзіктікті жоятын 10 АЗЫҚ-ТҮЛІК


"Тәтті ҚАРАША" диетасы


БЕДЕУЛІКтен арылуға КӨМЕКТЕСЕтін диета