​БЕС жағдай ТӨСЕКТЕ ҚОЗУҒА КЕДЕРГІ келтіреді

0
5 635

Ең қатты кедергі келтіретін өзіміз күнде қолданып жүрген зат...


​БЕС жағдай ТӨСЕКТЕ ҚОЗУҒА КЕДЕРГІ келтіреді

Өмірде қандай жағдай болса да, қандай нәубеттерді бастан кешсе де адамзаттың табиғатынан төсек қатынасын ажыратып тастау мүмкін емес. Бетін әрі қылсын, денсаулықтан келген келген кедергі болмаса, адам қашанда тән тоятын іздейді.


Әлем әбігерге түсіп жатқан осынау шақта да төсектегі мәселелердің болатыны белгілі. Әсіресе, некелі жұптардың арасында төсек жақындығының азайып кетуі де біршама тұрмыстық түйткілге апарып соқтыруы әбден мүмкін. Ал оның себептері де жетерлік. Солардың ең бір қарапайым, өзіміз сезінбей, елемей жүрген жағдайларды атап көрейік.


Бұрын да жазып жүргеніміздей, төсек қатынасы үшін аздап дайындық та керек. Ең болмағанда, психлогиялық тұрғыдан дайындалудың қажеттігі 30 жастан асқан жұптар үшін маңыздырақ көрінеді. Ал бүгінгі күннің кейбір ЖАҒДАЙЛАРЫ сондай жұптардың жыныстық қатынасы жиілігіне, олардың ТӨСЕКТЕ ҚОЗУЫНА кедергі келтіреді екен.



1.ӨТЕ АЗ ҚИМЫЛДАУ

Қандай адам аз қимылдайды? Әлбетте, көңіл-күйі жоқ немесе өзіне мүлде көңілі толмайтын, бір орында отырып жұмыс істейтін, күн тәртібіне қимыл-қозғалыс енбеген және т.б. жандарда дене қимылы кем болады. Аз қозғалған адам манаурап, ештеңеге зауқы соға қоймасы анық. Біртіндеп төсектегі беленділігі де кеми береді.

Бұрын да айтқанымыздай, дене белсенділігі барлық ағза үшін қаншалықты қажет, маңызды болса, төсектегі шаруа үшін де ауадай қажет. Көп қозғалған адамның кіші жамбастағы қанайналымы да дұрыс болады. Ол дұрыс болса, төсектегі шаруа да жиі әрі «оттай ыстық» боларына сенен беріңіз.

Әсіресе, жаяу жүру мен жүгіру жақсы әсер етеді. Ал әйелдер үшін кіші жамбастағы қанайналымы жақсы болса, әйелдің әсемдігі мен қылықтылығы анадайдан байқалып тұрады.


2.СМАРТФОН деген КЕДЕРГІ бар...

Күні бойғы шаруадан адам тынығуы да керек. Ал бүгіннің адамдары арасында жатар орынға смартфон құшақтап, соңғы ақпараттарды бір ақтармайтындары кем шығар. Әсіресе, әлеуметтік желілер...

Күндізгі алынған ақпараттың өзін қортыуы қиын болып жатқан миға жатар орынға тағы күш түскен соң оның «төсек ләззатын» ойлауы мүмкін бе? Ойлайтын шығар-ақ, бірақ тиісті мүшелерге сигнал беру де жұмыс қой?!

СМАРТФОН, телефон... Жалпы, гаджет дегеннің жатын бөлмеде артық екенін байқаған боларсыз? Сіздің жұбыңызбен арадағы ыстық қатынастың кеміп кетуіне, өзіңіздің де төсекке деген ықыласыңыздың азаюына осылар тікелей кедергі келтіріп жатқан жоқ па?

Миы артықақпараттан шаршаған жандардың сексуалды өмірі ұзаққа бармайды. Сондықтан, жатар орынға телефонды өшіріп немесе кіреберісте қалдырғаныңыз дұрыс болар.


3.ӘҢГІМЕСІ ТАУСЫЛҒАНДАР

«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат – таусылмайтын әңгіме!» демеуші ме еді ақын Мұхтар ағамыз?!

Әлбетте, сөзінің жаны бар. Өзіңіз ойлаңызшы, бір-бірімен аз сөйлесетін, араларында қызықты әңгімесі жоқ жұптардың арасында қандай төсек қатынасы болуы мүмкін?! Тек тұрмыстың қажетін ғана бір-екі сөзбен түсінісіп, басқа тақырыпта сөз қозғай алмайтын, екеуі ғана қызық әңгіме-дүкен құра алмайтын әйел мен еркек төсекте қалай жақындасады?! Жақындасқанмен, одан ләззат алуы мүмкін бе?

Сонымен қатар, ренжіссе жақын арада татуласа қоймайтындардың да төсегі біраз уақыт суық болатыны рас қой?!

Демек, ренішті шайып, ортақ қызықты тақырып табу керек. Кім бірінші қадам жасаса да, жиі әңгіме айтып, бір-бірін сөзге тартуы керек жұптар. Ортақ іс тапса, тіптен тамаша!

Сонда ғана төсекке қадам жасау да оңай, сонымен қатар интимді қатынас та жиілей түседі.


4.ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ САПАСЫНАкөңіл бөлу керек

Неке деген осы екен деп әйел мен еркек тек өз міндетін ғана орындай салса, ондай жыныстық қатынастың соңы да көпке бармайды.Әйел не еркек болмасын, қашанда төсек қатынасының сапасын жақсартуға назар аудара жүргені аса маңызды. Ол тек еркектің немесе әйелдің ғана міндеті емес. Екеуге ортақ.

Оргазм болмаса, әйел не еркек өзі қалағандай ләззат алып, тояттана алмаса, ол төсектің суып кетуі де ғажап емес. Екеуге ғана ортақ проблемалар туындауы мүмкін. Ал некелі жұп үшін ондай проблема қажет пе? Тіпті, дерт те пайда болуы мүмкін...


Міне, төсектен кетіп жатқан кемшіліктің орнын толтыру үшін көп нәрсе қажет емес. Өзіміз байқамаған, сезбеген тым қарапайым жайттарды назарға алсақ болды, талай қателіктің алдын аламыз. Тек, мұқият болсақ жеткілікті.

Ал некелі жұптың төсегі ешқашан суымауы тиіс.

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жұбайыңызбен ҰРЫСЫП қалғанда ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН татуласудың 4 қағидасы


Карантинде ЖҮЙКЕ ЖҰҚАРЫП кетпеу үшін ОРГАЗМ алып тұру керек