​Карантинде ЖҮЙКЕ ЖҰҚАРЫП кетпеу үшін ОРГАЗМ алып тұру керек

0
4 658

Карантин... Төтенше жағдай... Қашықтан оқу... Бала-шаға... Тұрмыс қиындықтары...


​Карантинде ЖҮЙКЕ ЖҰҚАРЫП кетпеу үшін ОРГАЗМ алып тұру керек

Қазір көптің жүйкесі жұқарып, көптеген мәселемен басы қатып жүргенде «төсекті кім ойлапты» дерсіз. Осындай көзқараста болсаңыз, қателесесіз!


Аптасына 4 рет болса, тамаша нәтиже береді!

Иә, сіз ашуланғанмен, жүйкеңізді жұқартып, ұрыс-керіске бой алдырғаныңызбен, ештеңе ұтпайтыныңызды бәрібір іштей түсінесіз. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Карантин деді ме, тыңдау керек. Ал үйде сіз айналысатын іс жеткілікті. Үйдегі тұрмыстық шаруалардан басқа, бала-шағаны зеріктірмеуден бөлек, «ТҮНГІ ШАРУАҢЫЗ» да бар емес пе?

Ал оның әбден жұқарған жүйкеңізді емдеп, «жынданып» кете жаздағанда көмек боларын білесіз бе? Ендеше, ТӨСЕК ҚАТЫНАСЫНА үш қырынан қарап, пайдаға асырып көріңізші.


Абайлаңыз, ертең карантин біткенде үйреніп қалып, үйіңізден шыққыңыз келмей қалуы да мүмкін.


1. ТӨСЕК ҚАТЫНАСЫ – тамаша мүмкіндік


Бұрын жұбайыңызбен арадағы интимдік қарым-қатынаста болған проблемалардың бірі – жұмыс емес пе еді? Шаршайтын едіңіз, үйге жеткенде жаныңыз жай тауып ұйықтағыңыз келетін. Бала-шағаның ертеңгі мектебіне киім дайындап, ас-суын әзірлеуге, өзіңіз де жұмысқа дайындық жасаумен-ақ түннің ортасы болғанын байқамай, төсекке жете жығылатын ба едіңіз?

Енді, міне, мұны сіз бен жұбайыңызға берілген мүмкіндік деп түсініңіз. Түнді нәтижемен өткізуге тырсыңыз. Жұбайыңызға көңіл бөлуге, жыныстық қарым-қатынасты жас күндегідей қалпына келтіруге тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Бұл күндер көпке созылмайтынын, бәрі бұрынғы қалпына келетініне сеніңіз.


2. ТӨСЕК ҚАТЫНАСЫ – тамаша дәрі-дәрмек


Елге қауіп төндірген коронавирусқа қарсы дәрі болмаса да, онымен күресу үшін иммунитетті нығайтатынын бұрыннан жазып та жүрміз.

  • Қазір сыртқа шығып жүгіріп, фитнес орталықтарына барып жаттығу жасай алмайтыныңыз белгілі. Демек, үйдегі спортпен айналысуға тура келеді. Ал төсек қатынасының бір «сенасында» қанайналымы жеделдеп, жүрек жиі қағады. Яғни, ең бірінші атеросклероздың алдын алуға мүмкіндік.

  • Сондай-ақ, жыныстық қатынас кезінде адреналин мен кортизолдың мөлшері артып, мидың жұмысын жақсарта түседі.

  • Жыныстық қатынаспен аптасына ең болмаса бір рет айналысатын адам жүрек-қантамыр ауруларымен бір жарым есе сирек ауыратын көрінеді. Әрине, төсектен ләззатты айына бір-екі рет қана алатын адамдарға қарағанда.

  • Ал эндокринологтар болса, аптасына 3-4 рет оргазм алғандардың ішкі қалқанша бездері жақсы жұмыс істейтінін айтады. Сонымен қатар, қант диабетіне шалдығу төмендеп, заталмасу да жақсарады.

  • Ал мына ПАНДЕМИЯ кезінде «махаббатпен айналысу» өте қажетті деп шешіпті мамандар. Бірақ, ТЕК ҚАНА НЕКЕЛІ, СЕНІМДІ және вирусты ЖҰҚТЫРМАҒАН және ЖҰҚТЫРҒАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛМАҒАН жұбайыңызбен ғана!

  • Белсенді төсек қатынасы аптасына кемінде екі рет болса, А иммуноглобулиннің мөлшері артып, ол инфекцияға қарсылық танытады деседі мамандар.

  • Сонымен қатар, оргазм кезінде артатын окситоцин иммуниттеттің мықтап бекуіне әсер етсе, белсенді төсек қатынасынан соң пайда болатын фагоциттер вирусты бөтен клеткалардың көзін жояды екен.


3.ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС – психотроп


Төсек қатынасы кезінде адамның миында психотропты әсері бар гормондар бөлінеді. Жыныстық қатынас пен оргазм ағзада жойқын энергия күшін тудырып, адам тәні мен психикасындағы «блоктарды» бұзып өтеді екен. Содан соң ағза өте бір жайбарақат қалыпқа енеді. Стресс кетеді, оның артынан депрессия мен қорқыныш, ашушаңдық, шыдамсыздық пен басқа да негатив сезімдер де «киімдерін жинап», тұра жөнеледі.

«Бақыт гормоны» - эндорфин – тоят табу сезімін тудырып, көңіл-күйді көтеретіні белгілі. Таңертең жүйке тын-тыныш, ешқандай «жындану» жоқ, күліп оянудың басты себебі де осында.

Ал қазір мұндай гормон әрбір отбасының иелеріне аса қажет-ақ. Сондықтан, жүйкені сақтаудың әдіс-айласын кинодан немесе тамақтан, т.б. жақтан іздемей, өзіңіздің жатын бөлмеңізге назар аударыңыз. Жұбайыңызға зер салып, сезімге ерік беріңіз.

Аптасына 4 реттен кем емес «жаттығу» жасап, ләззатын сезінсеңіз, карантин мен осынау төтенше жағдайда ТЕК СІЗ ҒАНА ұтасыз!

Кейбір деректер интернеттен алынды

Дайындаған: Жайнаған Байтұрым,

ERNUR.KZ