14 күнде әкесі, анасы және қызы коронавирустан қайтыс болды

0
2 069

Ер кісі 14 күнде отбасынан айрылған.


14 күнде әкесі, анасы және қызы коронавирустан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Англияның Бертон-апон-Трент қаласы Стаффордшир графтығында екі апта ішінде бір отбасының үш мүшесі коронавирустан қайтыс болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, 62 жастағы Джейн Харвидің ата-анасы - 84 жастағы Кит Маквикар мен 82 жастағы Джин COVID-19-дан қайтыс болған. Екі аптадан соң вирустың белгілері олардың қызынан байқалған. Қыздың 60 жастағы ағасы Ричард Facebook желісіндегі парақшасында қарындасының коронавиусрпен қалай күрескенін жазан екен.

11 сәуірде ол қарындасының да осы вирустан қайтыс болғанын хабарлап жазды.

"14 күнде отбасымнан айырылдым. Жүрегімді қақ айырып алған сияқты", - деп жазған Ричард.