2 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап, аман қалды

0
1 243

Оқиға болған кезде сәбидің әкесі тағы бір баласымен көрші бөлмеде отырған.


2 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап, аман қалды

ERNUR.KZ.Комсомольск-на-Амуре қаласында екі жасар бүлдіршін 9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, аман қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға болған кезде сәбидің әкесі тағы бір баласымен көрші бөлмеде отырған. Бала терезеден құлап кеткен соң жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, зардап шеккен бүлдіршіннің отбасының жағдайы оң деп бағалануда. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.