Ғалымдар 10 жылдан соң адамзаттың жер бетінен жойылатынын айтты

0
25 719

Көптеген ғалымдардың зерттеуінше, біраз жылдардан соң жер бетінен адамзат баласына жойылып кету қаупі төніп тұрғандығын айтып дабыл қағуда.


Ғалымдар  10 жылдан соң адамзаттың жер бетінен жойылатынын айтты

Шетелдік ғалымдар адамзат баласының 10 жылдан соң жер бетінен жойылу қаупі бар екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ 13news.ru сайтына сілтеме жасап.

Көптеген ғалымдардың зерттеуінше, біраз жылдардан соң жер бетінен адамзат баласына жойылып кету қаупі төніп тұрғандығын айтып дабыл қағуда. Мұның себебі, түрлі бактериялардың дамып, адам денсаулығына орасан зияны тиетініне негізделіп отыр.

Ғалымдар мұндай вирустар мен бактериялардың көбеюіне адамдардың өзі кінәлі дейді. Өйткені қоршаған ортаның ластануы, ғаламшардағы климаттың өзгеруі, өте зиянды бактериялардың санының артуы тыныс алу мүшелері арқылы адамдарға залалын тигізетін көрінеді.

Зерттеушілердің мәлімдеуінше, бактериялар мен вирустар атмосфераға түсіп, жел арқылы бүкіл әлемге таралады. Егер бұл қауіптіліктің алдын алмаса немесе жоюға қандай да бір шара жасалмаса, зиянды бактериялар мен вирустардың саны жылына 10 миллиардқа дейін жетеді екен. Нәтижесінде адамзат баласы жер бетінен мүлде жойылуы мүмкін.