АҚШ 25 қырғызстандықты Бішкекке депортациялады

0
202

Бұл туралы Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрлігі ресми түрде хабарлады.


АҚШ 25 қырғызстандықты Бішкекке депортациялады

Фото: akipress.com

ERNUR.KZ. АҚШ көші-қон заңнамасын бұзды деп айыпталып, депортацияланған 25 қырғыз азаматы 9 тамыз күні арнайы рейспен Бішкекке қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Заң бұзып, өз елдеріне депортацияланған азаматтарға АҚШ-қа кіруге 5, 10, 15 жылға немесе өмір бойына тыйым салынуы мүмкін. Бұдан басқа АҚШ-қа заңсыз түрде қайта кіруге әрекеттену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

"АҚШ аумағында заңсыз жүрген Қырғыз Республикасының азаматтарын елден өз еркімен кетуге шақырамыз. АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, соңғы жылдары қырғыз азаматтары визалық режимді жиі бұзатын болған. Осыған орай барлық отандастарды визалық талаптарды орындауға шақырамыз", – делінген Қырғыз Республикасы СІМ хабарламасында.

2025 жылдың шілде айында АҚШ Мемлекеттік департаменті Қырғызстан азаматтарына берілетін иммиграциялық емес визалардың мерзімін қысқартқанын хабарлады.

Бұрын B-1/B-2 визалары 10 жылға дейінгі мерзімге берілсе, енді бұл тек 3 айлық мерзімге және бір реттік кіруге ғана жарамды.