АҚШ Ирандағы әскери нысанға соққы жасады

0
113

Иран америкалық сауда кемесіне қарата төрт дрон ұшырған.


АҚШ Ирандағы әскери нысанға соққы жасады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. АҚШ Қарулы күштері Иранның портты қаласы Бендер-Аббастағы әскери нысанға соққы жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Axios журналисінің мәліметінше, Иран америкалық сауда кемесіне қарата төрт дрон ұшырған. АҚШ әскерилері дрондарды атып түсіріп, жердегі тағы бір ирандық дрон ұшыру қондырғысына ол іске қосылмай тұрып соққы жасаған.


Өз кезегінде Иранның Irib агенттігі Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) мәлімдемесін таратты. Онда Бендер-Аббас әуежайы маңындағы нысанға жасалған шабуылдан кейін америкалық әуе базасына соққы берілгені айтылған. ИРСК мәліметінше, соққы жергілікті уақыт бойынша сағат 04:50-де жасалған.

Бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ пен Израиль әскери мақсаттарына жете алмай, "экономикалық соғысқа" және мемлекеттің ішкі тұрақтылығын шайқалту әрекеттеріне көшкенін мәлімдеді.