ERNUR.KZ. АҚШ армиясы трансгендерлерге Қарулы күштер қатарында қызмет етуге тыйым салды, деп жазады Zakon.kz.
Бұл шешім Трамптың трансгендерлердің АҚШ әскерінде қызмет етуіне тыйым салатын, сондай-ақ тек екі жынысты – ер мен әйелді мойындайтын жарлығына байланысты.
"АҚШ армиясы бұдан былай трансгендерлердің Қарулы күштер қатарына қосылуына жол бермейді, сондай-ақ әскери қызметкерлердің гендерлік трансформациясына қатысты процедураларды жүргізуді немесе жеңілдетуді тоқтатады", - делінген АҚШ Қарулы Күштері X әлеуметтік желісінде таратқан хабарламада.