АҚШ-та тұрғын үйге ұшақ құлады: тірі қалғандар жоқ

0
399

Ал үйде болған тұрғындар дер кезінде эвакуацияланды.


АҚШ-та тұрғын үйге ұшақ құлады: тірі қалғандар жоқ

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Бруклин-Парк қаласында шағын ұшақ тұрғын үйге құлап, борттағы барлық жолаушы көз жұмды. Алайда үйде болған тұрғындар дер кезінде эвакуацияланып, зардап шеккен жоқ, деп жазады Azattyq Rýhy.

Федералды азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақ – SOCATA TBM7 үлгісіндегі әуе кемесі. Ол Айова штатындағы Де-Мойн халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Миннеаполис маңындағы Анока-Блейн округінің әуежайына бет алған.

«Апат жергілікті уақыт бойынша 12:20-да болған. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда отқа оранған үй мен көкті торлаған қара түтін көрінеді. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

Құлау себептері әлі белгісіз. АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі мен FAA апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Тергеушілер ұшақ қалдықтарын зерттеп, ұшу деректерін және авиадиспетчерлермен болған әңгімені талдайды.