АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапты

0
106

Апат туралы АҚШ армиясының арнайы операциялық қолбасшылығы мәлімдеген.


АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапты
Фото: aninews.in
ERNUR.KZ. Вашингтон штатында тікұшақ апатқа ұшырап, 4 америкалық әскери қызметкер қаза тапты, деп жазды inform.kz.

Апат туралы АҚШ армиясының арнайы операциялық қолбасшылығы мәлімдеген.

- Ақпаратқа сәйкес, тікұшақ 17 қыркүйек күні кешке кезекті оқу-жаттығуын орындаған. Олар жаттығуды Льюис-Маккорд әуе күштері базасына жақын жерде жүргізген. Бортта төрт адам болған, олардың аты-жөні әлі жарияланбады. Сондай-ақ апаттың себебі анықталған жоқ, - делінген ақпаратта.
Оқыс оқиғаны Терстон округінің шериф кеңсесі хабарлаған.