Ереуіл басталғалы бері елде 200-ден астам адам жарақат алған.
Фото: АТА
ERNUR.KZ. Албания астанасы Тиранада наразылық білдірушілердің полиция бөлімшесіне шабуылы салдарынан 10 полицей жарақат алды, деп жазады inform.kz.
— Олар полиция ғимараты мен қызметкерлерге молотов коктейльдерін, пиротехникалық заттар мен тас және басқа да ауыр заттарды лақтырды, — деді ол.
Албания астанасында тәртіпсіздіктер 13 қазаннан бері жалғасып келеді. Білім алу құнының қымбаттығына және оқу жағдайының нашарлығына қарсы шыққан студенттердің наразылығы құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласқан.
Құқық қорғау күштері наразылық білдірушілерді тарату үшін су атқыш машиналарды, көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданған.
Ереуіл басталғалы бері елде 200-ден астам адам жарақат алған. Олардың 130-дан астамы полиция қызметкерлері.


