Әлем бойынша АҚШ доллары жетекші валюта болып қала береді, оның нарықтағы үлесі - 88%.
ERNUR.KZ. "Bank for International Settlements" (Халықаралық есеп айырысу банкі) қазан айының соңында шетелдік валюталардың биржадан тыс айналымына қатысты үш жылдық шолу есебін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Оған сәйкес , биылғы сәуір айында бүкіл әлем бойынша валюта саудасының орташа көлемі 7,5 трлн долларға жеткен. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен (6,6 трлн доллар) 14%-ке жоғары.
Әлем бойынша жиі саудаланатын валюталар бестігі мынадай: бірінші орында айналымы 6,6 трлн доллар -АҚШ доллары, екінші орында айналымы 2,3 трлн долларды құрайтын -еуро, үшінші орында жапон иені тұр, оның айналымы 1,2 трлн доллар, төртінші орында 968 млрд доллар көлеммен айналымда жүретін фунст-стерлинг, бесінші орында қытай юані. Оның әлемдік айналымы 526 млрд долларды құрайды.
Жалпы Қытай юаніндағы айналым нарықтың 4%-ін құрайды. Банктің 2019 жылғы есебінде ол сегізінші орынға тұрақтаған еді.
Ал, әлем бойынша АҚШ доллары жетекші валюта болып қала береді, оның нарықтағы үлесі - 88%. Еуроның нарықтағы үлесі 30,5%, алайда 2019 жылғы есепте бұл көрсеткіш 32% болатын.