Америкалық бойжеткенді телефон қуаттағышы арқылы найзағай соқты

0
144

Оқиғадан кейін қыз аты-жөнін есіне түсіре алмай қиналды.


Америкалық бойжеткенді телефон қуаттағышы арқылы найзағай соқты

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алабама штатының тұрғыны Лиза Хендерсонды телефон қуаттағышы арқылы найзағай соқты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға оның өз үйінде болған. Найзағай ойнап жатқан кезде бойжеткен әлеуметтік желілерді шолып отырған, ал телефон қуаттағышқа қосулы болған, деп жазды New York Post.

Хендерсонның айтуынша, ол тарс еткен дыбысты естіп, жарық сәулені байқаған, содан кейін оның құлағы зыңылдап кеткен. Сондай-ақ оң қолы мен иығына шаншу қадалғанын сезеді.

"Мен дереу телефонды лақтырып жібердім. Егер олай істемегенімде, бұдан да қатты тоқ соғуы мүмкін еді", - дейді Лиза.


Оқиғадан кейін қыз ауруханаға жатқызылды, ол өзінің аты мен жасын есіне түсіре алмай қиналған.

"Аты-жөнімді айтқым келді, бірақ алғашында оны есіме түсіре алмадым. Жасымды да айта алмадым", - деп түсіндірді жәбірленуші.