Оқиға кезінде үйде тағы екі бала Мурридің қызы мен оның екі жасар жиені болған.
ERNUR.KZ. АҚШ-та 11 жасар бала анасын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарамын деп полиция шақырып, соңында құқық қорғаушылар оның өзіне оқ атқан, деп жазады Stan.kz.
Миссисипи штатының Индиола қаласындағы Накала Мурри үйіне балаларының бірінің қатыгез әкесі келген кезде 11 жасар ұлы Адерриеннен полицейлерге қоңырау шалуды сұраған. Қоңырауға келген полицей сыртқы есікке қаруын бағыттап, барлығының сыртқа шығуын талап етеді. Адерриен дәлізден қонақ бөлмеге қарай жүгірген кезде полицей оны атып салады.
"Неге екенін түсінбеймін. Полицейдің өзі үйден шығуымызды талап етіп тұр. Адерриен шығамын деген кезінде оған оқ тиді. Ұлым мені неге атып тастады, мен не істедім деп сұрай берді”,- деді анасы.
Атыстан кейін әйел баласының кеудесіндегі жараны таңуға тырысқан. Осы уақытта бала Інжіл гимндерін айтып, дұға етіп, қанға малынып жатқан. Полицейлер де оған алғашқы медициналық көмек көрсетпек болған.
Адерриен шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Оған өкпесі зақымдалып, қабырғалары сынған, бауыры жарылған деген диагноз қойды. Дәрігерлер оның кеудесіне түтік салып, жасанды тыныс алу аппаратына қосты. Дәрігерлердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында бала тез сауығып, 26 мамырда ауруханадан шығарылды.
Оқиға кезінде үйде тағы екі бала Мурридің қызы мен оның екі жасар жиені болған.
Полиция оқ атқан адамның аты Грег Каперс екенін растады. Қалалық кеңес тәртіп бұзушы полицейді тергеу жүріп жатқан кезде ақылы әкімшілік демалысқа шығаруға дауыс берді. Бұған баланың анасы оқ атқан полицей қызметкерінің әлі құқық қорғау орнында жұмысын жалғастырып жатқанына ашуланды.