Арменияда жаңа президент сайланды

0
1 390

​Армения Ұлттық жиналысында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша Армен Саркисян ел президенті боп сайланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ЕЛДЕГІ БАҚ-ына сілтеме жасап (news.am).


Арменияда жаңа президент сайланды

Армения Ұлттық жиналысында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша Армен Саркисян ел президенті боп сайланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ елдегі БАҚ-ына сілтеме жасап (news.am).

Армен Саркисян Армения президенттігіне жалғыз үміткер болатын. Оның кандитатурасын елдегі басқарушы коалиция - Арменияның Республикалық партиясы Дашнакцутюн ұсынды. Президенттікке кандитатты ұсыну үшін Ұлттық жиналысқа депутаттардың төрттен бірінен қол жинау керек болатын.

«Царукян» фракциясы өз атынан ешкімді ұсынбады. Өзгесі тиісті қолдау таппаған.

Санақ комиссиясының төрағасы Гагик Меликянның айтуынша, жасырын дауыс беру нәтижесінде 90 депутат Армен Саркисянды қолдап дауыс берген. Ұлттық жиналыстың 10 мүшесі қарсы болды.

2015 жылы ел конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша Армения тұңғыш рет президентті жалпы халықтық емес, Ұлттық жиналыста дауыс беру арқылы сайлады. Өйткені республика парламенттік басқаруға көшіп, елді басқару уәкілеті премьер-минстрге өткен. Ал, президент құзыреті айтырлықтай қысқартылды.

Армен Саркисян 9 сәуір күні, қазіргі президент Серж Саргсянның уәкілеттілігі аяқталғанда өз міндетіне кіріседі.