Сауд Арабиясында әйелдер енді әскерге бара алады. Корольдік қолға алған реформалар аясында енді әр-Рияд әйелдерге бұрын салынған тыйымның бірқатарын алып тастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Енді әр-Рияд, Мекке, әл-Қасым мен Мәдина әйелдері әскери шендегі қызметке үміткер бола алады. Тек оларға бірнеше талап қойылады: үміткер Сауд Арабиясының азаматы, жасы 25 пен 35 аралығында және орта білімі туралы құжаты болуы керек. Оған қоса, қамқорлыққа алу жүйесіне сай әскерге барғысы келетін әйелдер қамқоршысы (ері, әкесі, бауыры немесе баласы) тұратын елді мекен тұрғыны болуы керек.
Әйелдерді әскерге алу Сауд арабиясында әйел құқын нығайтуға бағытталған реформа аясында қолға алынған шараның бірі.