Тағы 15 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Чилидің орталық бөлігінде жолаушылар автобусы, самосвал және жеңіл көлік қатысқан жол апатынан кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 15 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады baq.kz.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы ел астанасы Сантьягоның батысындағы Вальпараисо өңіріне қарасты Санто-Доминго муниципалитетінде, Ruta de la Fruta тасжолында болған.
Қаза тапқандар санын президенттің өңірдегі өкілі Мануэль Мильонес растады.
Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.


