Баланы зорлағаны үшін сотталғандарды өлім жазасына кесетін заң жобасы қабылданды

0
764

АҚШ-тың Флорида штатының заң шығарушылары балаларға жыныстық озбырлық жасағаны үшін сотталған адамдарды өлім жазасына кесетін заң жобасын қабылдады.


Баланы зорлағаны үшін сотталғандарды өлім жазасына кесетін заң жобасы қабылданды

ERNUR.KZ. Флорида штатынан сайланған сенатор Рон де Сантис 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы жыныстық қылмыстарды тоқтату туралы ұсынысты қолдағаннан кейін заң жобасы өтті, деп жазды zakon.kz.

Штат Сенатының азшылдар көшбасшысы Лорен Бук пен республикашыл сенатор Джонатан Мартин екі партиялық заң жобасын бірлесіп жазды. Олар балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдар қылмысын қайталауы мүмкін, сондықтан олар қатаң жазаға лайық деп санайды.

"Біз балаларды зорлағандарға өлім жазасын санкиялап отырмыз. Менің ойымша, ол адамдардың кейбірі сериялы зорлықшыларға айналуы мүмкін. Менің ойымша, өлім жазасы – мұндай жағдайда жалғыз қолайлы жаза", – дейді Рон де Сантис.

Сондай-ақ, заң жобасы алқабилерге кемінде 8-4 дауыс беру арқылы өлім жазасын тағайындау құқығын береді. Бұрын өлім жазасын тағайындау үшін бірауыздан шешім қажет болатын.