Баласы анасын балмұздақ әпермегені үшін қамағысы келген

0
142

Полиция бірден үйдің адресіне жетіп келген.


Баласы анасын балмұздақ әпермегені үшін қамағысы келген

ERNUR.KZ. АҚШ-та балмұздақ бермеген анасын соттатып жібергісі келген баланың видеосы тарады, деп жазады baq.kz.

Анам өзін жаман ұстады, - дейді бала 911 нөміріне қоңырау шалып.

Полиция бірден үйдің адресіне жетіп келген. Қызметкерлер үйдің есігін ашқан анасына "Біз үйде бәрі дұрыс екеніне көз жеткізуге келдік" дейді.

Анасы аң-таң, баласына қарап "Мен саған не істедім? Полицияға хабарластың ба?" деп сұрайды.

Есік алдына келген баласы полицияға хабарласқан себебі айтқан.

Иә, анамды түрмеге жіберу үшін. Өйткені ол маған балмұздақ бермеді, - дейді арызданған бала.

"Саған қауіп төнбесе, 911-ге қоңырау шалудың керегін жоқ, жақсы ма?" деп полиция түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Келесі күні полиция қызметкерлері үйге қайтып оралды. Осы жолы балаға балмұздақ әкеліп берді.