Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Биыл биткоин алтыннан сәл қалып қойды, қаңтардан бері өсімі 29%, ал алтындікі 25% болған. Дегенмен соңғы 14 жылда биткоин бәрін артта қалдырып табысқа жеткен, деп жазады Stan.kz.
Биыл биткоин алтыннан табысы бойынша қалып қойды. Қаңтардан бері көрсеткіштері тиісінше 29% және 25% болды деп есептейді CoinDesk Data. Биыл екі актив те дамушы нарықтар акцияларын (+15,6%), Nasdaq 100 (+12,7%) және АҚШ-тың ірі капитализациялы компанияларының акцияларын (+9,4%) басып озды.
Алайда 2011-2025 жылдар аралығындағы кезеңге көз жүгіртсек, биткоин таңғаларлық өсімді көрсетті: жалпы табыстылық алтыннан 308 мың еседен астамға жоғары болды. Жылдық орташа табыстылығы биткоинде 141,7%, ал алтынында небәрі 5,7%, акциялар мен жылжымайтын мүлікте шамамен 4-18% деңгейінде тұр.
CoinDesk Data деректері бойынша 2011 жылдан бері BTC 38 897 420% көлемінде аса жоғары жиынтық табыс әкелді. Бұл көрсеткіш осы таңдаудағы барлық басқа актив деңгейлерін басып озады.