Brent мұнайы тарихтағы ең жоғарғы бағасына 2008 жылы жеткен.
ERNUR.KZ. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан жоғары көтеріліп, 2012 жылғы ең жоғары көрсеткіштен асып түсті, деп жазады Stan.kz
Баға 7 наурызда осыған дейінгі көрсеткішкен 128 долларға көтерілген.
Нұр-Сұлтан уақытымен 5.59-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы барреліне 130,1 долларға дейін 9 пайыздан аса өсті. WTI сәуір фьючерстері дүйсенбіде 9,68 пайызға 126,12 долларға дейін қымбаттады.
Brent мұнайы тарихтағы ең жоғарғы бағасына 2008 жылы жеткен. Ол кезде барреліне 143 доллар тұратын.