Британияда ауруханалар коронавирусқа дайындалып жатыр

0
1 078

Елде соңғы уақытта вирус қайта өршіді.


Британияда ауруханалар коронавирусқа дайындалып жатыр

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда ауруханалар коронавирусқа дайындалып жатыр, деп жазады 24.kz.

Елде соңғы уақытта вирус қайта өршіді. Мамандар науқастар саны сәуір айындағы көрсеткішке жете ме деп алаңдап отыр. Қазір Ұлыбритания аумағында омикронның екі өзгерген түрі кеңінен тарап жатқан көрінеді.

Вирусты екпе салдырған тұрғындар да жұқтырған. Үндістанда да жағдай ушығып тұр.

Кеше 16 мың тұрғыннан вирус анықталды. Бірақ кеселден емделіп шығып жатқандардың көрсеткіші де жоғары. Үндістан ковид-19 ең көп таралған елдің бірі. Қазірге дейін вирус жұқтырғандар саны 43 миллионнан асады.