"Бұл ең алғашқысы": Эпидемиологтар адамзат "пандемия дәуіріне" аяқ басқанын ескертті

0
1 556

Мен көріпкел емеспін, бірақ біз бақылап отырған жағдай пандемияның үдеп жатқанын аңғартады, - дейді маман.


ERNUR.KZ. Адамзат пандемия дәуіріне өтті, дүние жүзін жаулап алған коронавирус алдағы індеттердің тек алғашқысы болуы мүмкін. Бұл туралы америкалық ғалымдар - АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи мен эпидемиолог Дэвид Моренс мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.


Cell журналындағы мақалада сарапшылар алдағы жылдары пандемияның қарқыны үдеуі мүмкін екенін болжаған. Ал аурудың тарауының негізгі себебі - ормандарды кесу, қалалардың көптігі мен жабайы жануарларды сату болуы мүмкін.

"Мен көріпкел емеспін, бірақ біз бақылап отырған жағдай пандемияның үдеп жатқанын аңғартады", - дейді Моренс.

Моренс пен Фаучидің сөзінше, адамдар эпидемияны төтенше жағдай енгізу арқылы емес, өмір сүру стилін өзгерту арқылы жеңе алады.


Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 4 қыркүйекте дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 26 344 473-ке жеткен, қайтыс болғандардың саны - 869 569.