Елдің Денсаулық сақтау министрі санитарлық жағдайды оң бағалады.
ERNUR.KZ. Бразилияда соңғы бір күнде 2 мың 841 адам коронавирустан көз жұмды. Бұл – індет басталғалы бері тіркелген өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірақ елдің Денсаулық сақтау министрі бразилиялықтар қалыпты өмір сүреді деп санитарлық жағдайды оң бағалады. Оның сенім артып отырғаны – AstraZeneca вакцинасы. Елге аталған екпенің 1 миллион дозасы жеткізілді. Министрдің өзі осы екпені салдырған. Ал Панамерикалық денсаулық сақтау халықаралық ұйымының өкілдері Бразилиядағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай сын көтермейді деп дабыл қағып жатыр.
– Бразилиядағы жағдайдан біз сабақ алуымыз керек. Бұл вирусты бетімен жіберуге болмайды. Жағдайды денсаулық сақтау саласына жауапты мекемелер мен лауазымды тұлғалар үнемі бақылауда ұстап, тұрғындарды қорғауы керек, - дейді Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының директоры Карисса Етиенне.