Дағыстанда 300-ден астам адам судан уланды

0
117


Дағыстанда 300-ден астам адам судан уланды

Фото: gorodbuynaksk / Telegram

ERNUR.KZ. Дағыстанның Магарамкент ауданында соңғы үш күнде 302 адам, оның ішінде 294 бала ішек инфекциясының белгілерімен медициналық көмекке жүгінген, деп жазады kaz.inform.kz.




Жергілікті Роспотребнадзордың хабарлауынша, улану Магарамкенттен 14 шақырым жерде орналасқан «Джепельский» бұлағындағы суға байланысты болуы мүмкін.

Дәрігерлер ауылдарда індетке қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр. Жағдайды осыған дейін Магарамкентке барған Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ярослав Глазов бақылауға алған.

Аудандық орталық ауруханаға улану белгілерімен түскен үш науқас шығарылды, 93 науқас ауруханада қалды. Ауру тіркелген елді мекендердің тұрғындарына ішу және тамақ дайындау үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану ұсынылады.

Дағыстанға суды залалсыздандыру үшін үш тонна натрий гипохлориті жеткізілмек. 9 шілдеде Ресейдің Тергеу комитетінің жергілікті департаменті аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының директоры Ренат Халидовтың ұсталғаны туралы хабарлады. Оның үстінен «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.