Англияда COVID-19-дың XFG және XFG.3 штамдары қазір ауру жұқтырудың шамамен 30 пайызына себеп болып отыр.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияда COVID-19-дың жаңа штамы таралуда, деп жазады baq.kz.
Англияда COVID-19-дың XFG және XFG.3 штамдары қазір ауру жұқтырудың шамамен 30 пайызына себеп болып отыр. Кейбір мамандардың айтуынша, бұл жаңа штамм иммунитетке қарсы тұру қабілетіне ие.
Басқа штамдарға қарағанда, Stratus деп аталатын бұл нұсқаның ерекше белгісі - адам дауысы қарлығады, шаршаңқы болып, қырылдап шығады.
Stratus штаммының екі нұсқасы бар: XFG және XFG.3. Олардың ішінде XFG.3 ең көп таралғаны, - деп хабарлайды Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі (UKHSA).
UKHSA дерегінше, XFG және XFG.3 Англиядағы COVID-19 жағдайларының 30%-ын құрап отыр.
Ұлыбританияда таралған барлық штамдарға тұрақты бақылау жүргізілуде. Вирустардың мутацияға ұшырап, уақыт өте өзгеруі қалыпты құбылыс. Қазіргі деректерге сүйенсек, **XFG және XFG.3 бұрынғы нұсқаларға қарағанда ауыр ауру тудырады немесе екпелер тиімділігін жоғалтады деген дәлел жоқ, - дейді эпидемиолог, доктор Алекс Аллен.
Сонымен қатар басқа жаңа нұсқалар да таралуын жалғастыруда. Мысалы, Nimbus штамы өткен айда жұқтырған адамдарға өткір, ұстарамен тілгендей күй кештіретін тамақ ауруын тудырған.
Nimbus нұсқасы (ресми атауы NB.1.8.1) Омикроннан тараған және алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында анықталған. Бұл штамм тез арада Қытай мен Гонконгта таралып, кейіннен АҚШ пен Аустралияның бірнеше штатында тіркелген.
Алайда мутациялардың таралу ауқымын нақты анықтау қиынға соғады. Өйткені соңғы жылдары COVID-19 тестілеуі күрт қысқарған.
Варик университетінің вирусологы, профессор Лоренс Янг MailOnline сайтына:
COVID-қа қарсы иммунитеттің әлсіреуіне көктемгі екпенің аз салынуы мен вирустың аз таралуы себеп. Соның салдарынан халықтың көбі XFG және XFG.3 жұқтыруға бейім болып отыр. Бұл жаңа толқынға әкелуі мүмкін, бірақ оның қаншалықты кең таралатынын болжау қиын” деді.
Кейбір сарапшылар Stratus нұсқасы екпелерден кейін қалыптасқан иммунитеттен де жалтара алады деп ескертіп отыр.
ДДҰ Stratus нұсқасын “бақылаудағы нұсқа” деп белгілегенімен, қазіргі уақытта ол жаһандық денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндірмейді деп бағаланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда жаңа вирус табылған болатын.