ДДСҰ мен ECDC сарапшылары дельтаның Еуропаның барлық елдерінен табылып, оның басқа штамдарды ығыстырумен қоймай тез таралып жатқанын атап өтті.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен (ECDC) бірлесіп, осы жазда дельта штамының кең етек жаюына байланысты ел аралаудан толығымен бас тартуға шақырды, деп жазады Stan.kz.
Олардың мәлімдемелеріне сәйкес SARS-COV-2 коронавирусының дельта-нұсқасы "Еуропаны шарлап", әдеттегі мутациялық түрлерін ығыстыруда. Сондықтан олар әлеуетті туристерді инфекцияның таралуын болдырмау үшін күш салуға шақырды.
"2021 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесінің аралығында дельта нұсқасы көпшілік елдерде басым болып, 28 елдің 19-ы генетикалық секвенция туралы толық ақпарат берген. Дельта штамының орташа үлесі 68,3 пайызды құрап, бұрын басым болған альфа-нұсқадан 22,3 пайызға асып түсті" ,-деді ДДСҰ ұйымы.
ДДСҰ мен ECDC сарапшылары дельтаның Еуропаның барлық елдерінен табылып, оның басқа штамдарды ығыстырумен қоймай тез таралып жатқанын атап өтті.
"Біз пандемияны тоқтату тұрғысынан жағдайды бақылауға алудан алыстап кеттік. Оның үстіне, өзіміз тұрған аймақтың көп өңірлерінен дельтаның таралуына байланысты жағдайлардың айтарлықтай өсуін байқаймыз" ,- деп мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық директоры Ханс Клюге.
Ол сонымен қатар инфекцияның таралу қаупін, атап айтқанда дельта штамын азайту үшін осы жазда саяхаттар мен алыс сапарларға шектеу қоюды баса айтты.
"ДДСҰ елдерге ақысыз тестілеуге қол жетімділікті арттыруды, расталған инфекция жағдайында байланыс карантинін және оқшаулауды кеңейтуді, таралу тізбегін үзу үшін қатынаста болған жандарды бақылауды күшейтуді және біздің өмір сүруші ортамызға ең қауіпті адамдарға вакцинациялауды қамтамасыз етуді ұсынады" ,- деді Клюге.
Ол өз сөзіне "дельта" әлдеқайда жұқпалы екенін, вакцинацияланбаған тұрғын аталған штамға тап болған жағдайда ауырмау мүмкін емес екенін қосты.
ECDC директоры доктор Андреа Аммон тұрғындар мен әлеуетті туристерді "үйде отырып" күресті жалғастыруға, яғни "вирустың таралуын болдырмау үшін ақыл-ойды қолдануға" шақырды.