Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

0
967

Орынбасардың вирус жұқтырғаны 10 наурызда расталған.


Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, 6 наурызда Дорристің жағдайы нашарлаған. Алайда вирус жұқтырғаны 10 наурызда расталған.

Министрдің орынбасары 84 жастағы анасына уайымдап жатқанын айтады. Қазір анасы да жөтеле бастапты. Надин Доррис Twitter желісіндегі парақшасында барлығына алғыс айтып, оқырмандарына күніне бірнеше рет қол жууға кеңес берді.