Джо Байденнен қатерлі ісік анықталып, оған ота жасалды

0
682

Ақ үй дәрігері Кевин О`Коннор жазған құжатта анықталған қатерлік ісік түрі, яғни базальді жасушалық карцинома, әдетте метастаз тудырмайтыны нақтыланған.


Джо Байденнен қатерлі ісік анықталып, оған ота жасалды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байденнен терінің қатерлі ісігі анықталы, оған сәтті ота жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ары қарай емделудің қажеті жоқ, отадан кейін 80 жастағы президент медициналық тексеруден өтіп, "жұмыс істеуге жарамды" деп танылды, делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

Ақ үй дәрігері Кевин О`Коннор жазған құжатта анықталған қатерлік ісік түрі, яғни базальді жасушалық карцинома, әдетте метастаз тудырмайтыны нақтыланған.

Базальді жасушалық және қабыршақты жасушалы карцинома – Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегі бойынша, АҚШ-та кең тараған тері қатерлі ісігінің негізгі екі түрі.