ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 10 жыл толды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
ЕАЭО туралы шарт 2014 жылы 29 мамырда рәсімделген болатын. Ал 2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.
Бүгінде ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения мен Беларусь кіреді. Осы уақытқа дейін одаққа мүше елдер арасында өзара сауда-саттық ұлғайды. Халыақаралық қатынастардың географиясы да кеңейіп келеді.
Ресми мәліметке сәйкес, 2015-2023 жылдары ЕАЭО-ның ішкі жалпы өнімі 2,5 трлн долларға өсті. Ал одаққа кірмейтін елдермен сауда айналымы 923 млрд доллар құрады.
Қазіргі кезде ЕАЭО-да кеден, өнеркәсіп коперациясы, көлік пен логистика, энергетика, кедендік тарифтер, ауыл шаруашылығы, техникалық реттеу және тағы басқа салаларда өзара тығыз ынтымақтастық күшейіп жатыр.
10 жылдың ішінде одақтың халықаралық мәртебесі өсе түсті. Онымен тікелей байланыс орнатқан елдер де аз емес. Бүгінде Вьетнам, Иран мен Сербиямен еркі сауда туралы келісім бар. Қытаймен және 80-нен астам мемлекет пен ұйыммен сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатылды.
Бұдан бөлек, Мысыр, Индонезия мен Біріккен Араб Әмірліктерімен өзара сауданы жеңілдету бойынша келісімдер пысықталып жатыр. Одақ байқаушылары – Куба мен Өзбекстанмен өзара байланыстың маңызы зор.