Эстония Премьер Министрі Каллас Бостандық мүсініне ұқсас Зеленский ескерткішінің суретін әлеуметтік желіде жариялады.
ERNUR.KZ. Эстонияда Бостандық ескерткішіне ұқсас Владимир Зеленскийге арналған ескерткіш пайда болды. Фотосуретті Балтық елінің премьер-министрі Кая Каллас Twitter-де жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
"Украинаны эстондықтардың қолдауы мызғымас, мұны Эстонияның барлық жерінде байқауға болады. Тырвадағы жергілікті тұрғындар ортасында Президент Зеленскийдің монументалды құм мүсіні орналасқан Украинаға арналған "Бостандық саябағын" құрды", — деп жазды ол.
Зеленский Бостандық мүсіні түрінде бейнеленген. Оң қолында алау жоқ, оның орнына жұдырық мүсінделген.
Бұған дейін америкалық конгрессмен Уилсон Зеленскийдің бюстін Капитолий ғимаратына орнатуды ұсынған болатын.