Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Юді он тәулікке қамап тастады.
ERNUR.KZ. Қытайда 37 жастағы әйел сүйіктісінің үйіне барып, оның шын мәнінде өте кедей екенін біледі. Осыдан соң пайдакүнем әйел бірден жігітімен қарым-қатынасын үзгісі келген. Алайда ол Лин қыр соңымнан қалмай қояды деп қорқып, одан құтылудың ерекше әдісін ойлап табады. Ол өз "өлімін" қолдан ұйымдастырған, деп жазды Sputnik Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Әйел сүйіктісімен бірге тұрып жатқан жатақханадан жоғалып кеткен. Кейін оған хабарласып, бұрынғы күйеуі алып қашып кеткенін айтады.
"Құтқаршы мені! Бұрынғы күйеуім ұрлап кетті, тез жет! Біз тас жолға шықтық", - деп хабар берген.
Осыдан кейін Линге бұрынғы күйеуінің телефонынан қорқынышты sms-тер жолдайды.
"Егер сен полицияға хабар берсең, сүйіктің өледі", - делінген хабарламалардың бірінде. Ал енді бірінде Ю өліп қалғанын, оның денесін көлге лақтырып жібергенін жазған.
Бойын үрей билеген жігіт болған оқиғаны полицияға жеткізген. Тәртіп сақшылары қу әйелді қаладағы мотельдердің біріндегі бейне бақылау камералары арқылы тапқан. Ол аман-сау болған, бір қызығы, өзін байсалды ұстаған.
Полицейлер 37 жастағы әйелді қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамап тастады.