Филадельфиядағы ұшақ апатынан қаза болғандар саны 7 адамға жетті

0
147

Кеше медициналық эвакуациялық ұшақ Филадельфияның солтүстік-шығысында ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған еді.


Филадельфиядағы ұшақ апатынан қаза болғандар саны 7 адамға жетті

ERNUR.KZ. Борттағы барлық алты адам қаза тапты, сонымен қатар жер бетінде көлікте болған бір адам көз жұмған, деп жазады kaz.inform.kz.


Апатқа ұшыраған Learjet 55-ке тиесілі әуе жедел жәрдем компаниясы бортта төрт экипаж мүшесі, педиатриялық бөлімнің бір науқасы және оның қасында еріп жүрген адамның болғанын хабарлады.

Филадельфия мэрі Шерелл Паркер ұшақ апатынан жер бетінде тағы 19 адам зардап шеккенін мәлім етті, бірақ бұл әлі түпкілікті сан емес көрінеді.

Jet Rescue Air Ambulance өкілі Шайн Голд жергілікті NBC арнасына сұхбат беріп, апатқа ұшыраған ұшақ АҚШ-та қауіпті дерттен емделіп жатқан мексикалық қызды тасымалдағанын айтты. Бортта тағы бес адам болды — баланың анасы, ұшқыш, екінші ұшқыш, дәрігер және фельдшер, деді компания өкілі.

Сондай-ақ, әкімнің мәлімдемесіне сәйкес борттық журналдар ұшақтың «апатқа ұшырағанға дейін бір минут қана» ауада болғанын көрсетеді.

“ Апат салдарынан жердегі көптеген адам — автотұрақтарда, көшелерде, көліктерде және аудандағы үйлерде — жарақат алды”, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Шерелл Паркер оқиға орнында өткен баспасөз мәслихатында жерде бірнеше үй мен көлік өртеніп кеткенін жеткізді. Екі сағаттан кейін өрт сөндірілді.