Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған.
ERNUR.KZ. Коронавирус Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден табылды, деп жазады zakon.kz.
Риестер әзірге ауруханада емес, үйінде жатыр делінеді. Қазір министрмен қатынаста болған адамдар анықталуда.
Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған.
COVID-19 деген атау берілген жаңа коронавирустың тарағаны 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) бұрын белгісіз болып келген ауру өршіп кетті.
Қазіргі уақытта коронавирус 100 елге таралды. Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша, коронавирусты 113,773 адам жұқтырды, 4 008 адам қайтыс болды, 63,663 адам жазылды.