Газа секторында науқастарды емдеу мүмкін емес – Біріккен Ұлттар Ұйымы

0
208

Газа секторының денсаулық сақтау жүйесі күйреу алдында тұр.


Газа секторында науқастарды емдеу мүмкін емес – Біріккен Ұлттар Ұйымы

Фото: Gaza © - / AFP

ERNUR.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, 2023 жылдың қазан айынан бері Израиль Газа секторындағы 27 аурухана мен 12 емханаға шабуыл жасаған, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ әуе арқылы 130-дан астам соққы берген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк медициналық инфрақұрылымды атқылауды дереу тоқтатуға шақырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Газа секторындағы 36 аурухананың тек 16-сы ішінара жұмыс істейді.

Олардың көпшілігі тек алғашқы көмекті көрсетеді. Ал күрделі жарақаттар мен созылмалы ауруларды емдей алмайды.