Hilton қонақ үйінде АҚШ елшілігі атташесінің мәйіті табылды

0
344

Ер адам Украинаға 15 маусымда келген.


Hilton қонақ үйінде АҚШ елшілігі атташесінің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Киевтегі Hilton қонақ үйінде АҚШ елшілігі атташесінің өлі денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның мәйіті 25 маусымда таңғы сағат 11.00 кезінде қонақ үй бөлмесінде табылды, денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Ер адам Украинаға 15 маусымда келген. Медициналық көрсетілімдерге сай, қызметкер ағзасындағы холестериннің көптігімен ауырған.

АҚШ елшілігі атташенің қайтыс болғанын растады.

«Біз Киевтегі елшілікте жұмыс істеген АҚШ мемлекеттік қызметкерінің қайтыс болғанын растаймыз. Құпиялылық себебіне байланысты қосымша түсініктеме бере алмаймыз», – делінген елшіліктің түсініктемесінде.