Сербия мемлекеттік инвестициялар министрі тікелей эфирде инсульт алып, ауруханаға жеткізілді.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Сербияның мемлекеттік инвестициялар министрі Дарко Глишич 5 тамызда Pink телеарнасының таңғы бағдарламасының тікелей эфирі кезінде өзін нашар сезінген, деп жазады inbusiness.kz.
Бағдарламада сұхбат беріп отырған министрдің сөйлеуі қиындап, бетінің бір жағы жансызданған. Эфирдегі жүргізушілер "бәрі дұрыс па?" деп сұрағанда, Дарко Глишич бастапқыда оларды сабырға шақырған. Алайда студияға жедел жәрдем шақырылып, бірден ауруханаға шұғыл жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, Глишичтің жағдайы ауыр, бірақ инсульт дер кезінде анықталған.
Глишич ауруханаға түскен сәтте оған бірден Сербия президенті Александр Вучич келді. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Дарко Глишич – Сербия президентіне ең жақын адамдардың бірі.