​Иракта қажылыққа барған 600-ден астам адам хлордың ағып кету салдарынан ауруханаға жатқызылды

0
90

Оқиға түнде елдің орталығында және оңтүстігінде орналасқан Наджаф пен Кербела қалалары арасындағы бағыттың бойында болған.


​Иракта қажылыққа барған 600-ден астам адам хлордың ағып кету салдарынан ауруханаға жатқызылды

Фото: Iraqi News

ERNUR.KZ. Иракта 621 қажы тыныс алуы бұзылып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады inform.kz.

Оқиға түнде елдің орталығында және оңтүстігінде орналасқан Наджаф пен Кербела қалалары арасындағы бағыттың бойында болған.

— Кербелада хлордың ағуынан тұншығу жағдайының 621 оқиғасы тіркелген. Олардың барлығына қажетті көмек көрсетіліп, науқастар ауруханадан жақсы жағдайда шыққан, — деп хабарлады Ирак денсаулық сақтау министрлігі.
Қажыларды қорғауға жауапты қауіпсіздік күштері оқиғаға «Кербала-Наджеф жолындағы су стансасынан хлордың ағуы» себеп болғанын мәлімдеді.
l Jazeera хабарлағандай, Ирактың инфрақұрылымының көп бөлігі ондаған жылға созылған соғыс, ішкі қақтығыстар және сыбайлас жемқорлық салдарынан тозған, бұл ретте қауіпсіздік нормалары көбіне сақталмай жатады.
Осы жылы қажылыққа бара жатқан бірнеше миллион адам имам Хусейн мен оның ағасы Аббастың қасиетті жерлері орналасқан Кербалаға барады деп күтіліп отыр.