Иран АҚШ-тан келіссөздер үшін 12 млрд доллар төлеуді талап етуде

0
143

Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерді жалғастырудың басты шарттарының бірі – Тегеранның шетелде бұғатталған 12 миллиард доллар активін дереу қайтару.


Иран АҚШ-тан келіссөздер үшін 12 млрд доллар төлеуді талап етуде

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Иран тарапы қаражат аударылмайынша, одан әрі келіссөздерге қатыспайтынын мәлімдеген, деп жазады baq.kz.

Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерді жалғастырудың басты шарттарының бірі – Тегеранның шетелде бұғатталған 12 миллиард доллар активін дереу қайтару.

Farsақпарат агенттігінің деректеріне сәйкес, келісім жобасында бұл соманың төленуі негізгі талап ретінде көрсетілген. Иран тарапы қаражат аударылмайынша, одан әрі келіссөздерге қатыспайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер бойынша алдын ала уағдаластықтың негізгі тармақтары келісілгенін айтқан еді. Алайда тараптар арасында бірқатар түйткілді мәселелер әлі де талқыланып жатыр.