Иранда бір тәулікте 107 науқас қайтыс болды

0
725

Мұндай көрсеткіш соңғы екі айда алғаш рет тіркеліп отыр.


Иранда бір тәулікте 107 науқас қайтыс болды

ERNUR.KZ. Иранда өткен тәулікте коронавирус құрбандарының саны 100-ден асты, деп жазады baq.kz.

Мұндай көрсеткіш соңғы екі айда алғаш рет тіркеліп отыр.

Мәліметтер бойынша, бір тәулік ішінде COVID-19 вирусын 2472 адам жұқтырып, 107 адам көз жұмған.

Соңғы рет мұндай көрсеткіш сәуір айының ортасында тіркелген. Маусымда науқастар саны айтарлықтай артқан соң, нәтиже осындай болып отыр.

Иран билігі коронавирус туралы алғаш хабарлаған кезден, яғни 19 ақпаннан бастап жұқтырғандардың жалпы саны 187 427-ні құрады. Бүгінге дейін көз жұмғандар саны 8 837-ге жетті. 148 674 адам емделіп шықты.