Жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр.
Фото: SaadAbedine/ X
ERNUR.KZ. Иранның оңтүстігіндегі Сирик қаласында үйлену тойы өтіп жатқан жерге АҚШ жасаған соққы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 50 адам жараланды, деп жазады inform.kz.
Олардың айтуынша, құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр. Сондықтан қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Иран аумағындағы нысандарға бірнеше соққы жасалғанын хабарлады. Иранның Press TV телеарнасының мәліметінше, елдің оңтүстік жағалауында, соның ішінде Кешм аралында және бірнеше қалада жарылыстар естілген.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Ирандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) нысандарына шабуыл басталғанын мәлімдеген еді.


