Ол шектеу шараларына бағынбаған.
ERNUR.KZ. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, науқас өз диагнозын біле тұра жергілікті жағажайға демалу үшін шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биліктің шектеу шараларына бағынбаған тұрғын полиция өкілдеріне де бірден беріле қойған жоқ. Тәртіп сақшылары судан шығудан бас тартқан әлгі әйелдің қолына кісен салуға мәжбүр болған. Енді заңды бұзған испаниялық азаматқа қатысты іс қозғалып, шешім шығарылады.
Айта кетейік, Испания – Еуропадағы коронавирус індетінен ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Эпидемия басталғалы онда 540 мың адам індеттің ілмегіне ілініп, 30 мыңға жуығы қауіпті инфекциядан көз жұмды.