Израиль Ливанның оңтүстігінде 100-ден астам снаряд жарды

0
965

Бұл «Хезболла» тобы лаңкестерінің оқ жаудыруына қарсы жауап ретінде ұйымдастырылған шабуыл болды.


Израиль Ливанның оңтүстігінде 100-ден астам снаряд жарды

ERNUR.KZ. Израиль Ливанның оңтүстігінде 100-ден астам миномет снарядын жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл «Хезболла» тобы лаңкестерінің оқ жаудыруына қарсы жауап ретінде ұйымдастырылған шабуыл болды. Жуырда Ливан аумағынан Израильдің шекаралық әскери базасы мен әскери техникаларға бірнеше танкіге қарсы зымыран ұшырылған еді. Жалпы «Хезболла» ұйымы лаңкестермен күресуде Сирияның үкіметтік әскеріне көмектесіп келеді. Ол АҚШ, Израиль және Еуроодақ аумағында тыйым салынған.

йта кетсек, өткен жылдың қыркүйегінде Израиль әскерилері Бейруттің бірнеше ауданын әуеден суретке түсіріп, кейін шииттік топ зымырандық инфрақұрылым дайындап жатыр деген еді. Израиль билігінің дерегінше, бұл жобалар Иранның қаржыландыруымен жүзеге асып жатыр. Алайда, «Хезболла» өкілдерінің айтуынша, Израиль айыпты желеу етіп, Ливанға шабуылдағысы келеді.