Әуе компаниясы рейстерді қалпына келтіру туралы шешім кейінірек қабылданатынын айтты.
Фото: x.com/@EL_AL_ISRAEL
ERNUR.KZ. Израильдің флагмандық әуе тасымалдаушысы «Ресей әуе кеңістігіндегі оқиғаларға сілтеме жасай отырып» тоқтатылды, деп жазады inform.kz.
Әуе компаниясы рейстерді қалпына келтіру туралы шешім кейінірек қабылданатынын айтты.
— Жағдай келесі аптада қайта қаралып, бағыттың қайта жалғасып, жалғаспайтыны туралы шешім қабылданатын болады, — делінген хабарламада.
Тасымалдаушы жақын арада жолаушыларға оқиға туралы жаңартылған ақпаратты жіберуге уәде берді.
— Авиация өкілдері бұл шешімді сәрсенбі күні әзербайжандық жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауымен байланыстырады, — деп жазады The Jerusalem Post.
Айта кетейік, сәрсенбі, желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға бет алған Әзербайжан ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.
Бұған дейін QAZAQ AIR ағымдағы жылдың 28 желтоқсаны мен 2025 жылдың 27 қаңтары аралығында Астана — Екатеринбург бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатын.