Камчаткада жанартауға шықпақ болған алты адам көз жұмды

0
942

​Ресейдің Камчатка аймағында орналасқан Ключевская шоқысы жанартауына шығу кезінде алты адам көз жұмды.


Камчаткада жанартауға шықпақ болған алты адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына тікұшақ жіберілген. Алайда ол ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін жергілікті билік бес адамның қаза тапқанын мәлімдеген болатын. Ал бүгін жанартауға шығу барысында жарақат алып, ес-түссіз жатқан тағы бір адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта мерт болғандардың жалпы саны алты адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, 30 тамызда 12 адамнан тұратын туристер тобы Ключевская шоқысы жанартауына шығуға аттанған. 3 қыркүйекте олар 3,3 мың метр биіктікке жетіп, одан жоғары көтерілуге бет алыпты. Шамамен 4,2 мың метр биіктікке жеткен сәтте топтың 5 адамы құлап, барлығын ажал құшқан.

Мәлім болғандай, топты бастап барған үш гид болған. Бірінің аяғы сынған, ал екіншісі зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Тағы бір гид-қызметкер кеше кешке 3300 метр биіктікте орналасқан базалық лагерьден шығып, зардап шеккен топқа бет алған. Лагерьде өрмелеуді жалғастырудан бас тартқан екі турист қалған. Олар құтқарушылардың келуін күтуде. Ал қалғандары 4000 метрден астам биіктікте қалып отыр. Туристер өздігінен түсе алмайды. Өйткені, барлығы ұзақ өрмелеу салдарынан және оттегі жетіспеушілігінін әлісіреп қалған.

Қоса кетейік, Ключевская сопка - Еуразиядағы ең белсенділігі жоғары жанартау. Оның биіктігі - 4,8 мың метр.