Еңбек партиясы бас хатшысы қызметіне адам тағайындалғанға дейін Ким Чен Ын партия төрағасының лауазымын атқарды.
ERNUR.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Корея еңбек партиясының (КЕП) бас хатшысы болып тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.
Еңбек партиясы бас хатшысы қызметіне адам тағайындалғанға дейін Ким Чен Ын партия төрағасының лауазымын атқарды.
KCNA агенттігінің мәліметіне қарағанда, бұған дейін Пхеньянда өткен партияның сегізінші съезінде оның Атқарушы саяси кеңесін секретариат деп атау туралы шешім шығарылды.
Бұрын КЕП-тің бас хатшысы лауазымын КХДР төрағасы болған Ким Ир Сен, содан кейін оның ұлы Ким Чен Ир атқарған. 2011 жылы Ким Чен Ир қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Ким Чен Ын бірінші хатшысы болған.
Ал 2016 жылы секретариат таратылды және ол Партияның атқарушы саяси кеңесі төрағасы болды. Енді секретариат тағы басқаша аталады, ал Солтүстік Корея басшысы оның бас хатшы болды.